Алматы қаласының «BBB» деңгейіндегі несиелік рейтингі расталды

13.12.2023 14:58

Халықаралық ұйымдардан сыртқы қарызды тартуға берілген құқықты ескере отырып, инфрақұрылымды жаңғырту мен экономиканы одан әрі әртараптандыру үшін қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының «BBB» деңгейіндегі несиелік рейтингі расталды, болжам «Тұрақты», деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылдың 8 желтоқсанында Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Алматы қаласының «BBB» деңгейіндегі кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты».

Алматының дербес кредиттік рейтингі Fitch Ratings әдіснамасына сәйкес «BBB+» рейтингіне сәйкес келеді.

Халықаралық ұйымдардан сыртқы қарызды тартуға берілген құқықты ескере отырып, Алматы қаласының жоғары кредиттік рейтингі инфрақұрылымды жаңғырту мен экономиканы одан әрі әртараптандыру үшін қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Fitch рейтингінің жарияланымын мына жерден алуға болады.