Сарапшылардың пікірінше, бұл 2023 жылдың желтоқсанынан бері тіркелген ең төменгі баға
Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстері құны Астана уақытымен сағат 08:04-тегі сауда деректері бойынша 1,07 пайызға төмендеп, барреліне 72,96 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстері 1,18 пайызға арзандап, барреліне 69,51 доллар болған.
Еске салайық, 4 қыркүйекте Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 73 долларға дейін төмендеген болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл 2023 жылдың желтоқсанынан бері тіркелген ең төменгі баға.
Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызметтер тарифі қалай өзгереді