Өз кезегінде қант сататын бөлшек саудагерлер сату бағасына 10%-дан аспайтын үстемеақыны сақтайды
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бағаның өсуіне жол бермеу тетіктерін іске асыру аясында «Алматы «ӘКК» АҚ тауар биржасында сауда-саттық нәтижелері бойынша 4,5 мың тонна қант жеткізуге шарт жасасты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Отандық өндірістегі қант қаланың сауда желілеріне белгіленген сату бағасы бойынша – келісіне 380 теңгеден аспайтын бағамен сатылады. Өз кезегінде қант сататын бөлшек саудагерлер сату бағасына 10%-дан аспайтын үстемеақыны сақтайды. Бұл шара Алматыдағы қант бағасын 2025 жылдың қыркүйегіне дейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматының Алатау ауданында жаңа мектеп ашылды