Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Экономиканы демонополиялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары және тағы басқалары қатысты.
Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетика кешенінің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорынды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңды және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.