10 қаңтар күнгі 09-00-дегі жағдай бойынша жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген шығын көлемі 93,7 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осы жылдың 10 қаңтары сағат 09.00-дегі жағдай бойынша б изнеске келтірілген шығынға қатысты б айланыс орталығына 2774 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1406, форс-мажор – 39, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратқан мәліметке сай, елдің 9 өңіріндегі 1488 нысанда орналасқан 1 319 бизнес субъектінің зардап шеккені анықталды, соның ішінде Алматы қаласында 1399 объектіде орналасқан 1234 субъект бар.
«Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1245; қоғамдық тамақтану – 25; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 92,2 млрд теңге)», – делінген «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметінде.