Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,5%-ды құрады

aa.com.tr
aa.com.tr
Бұл туралы экономика министрі Үкімет отырысында мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында 2022 жылдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Биылғы қаңтар-қазанда Қазақстан экономикасының өсім қарқыны 2,5 пайыз болды. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,8 % , ал қызмет көрсету саласында 1,6 % болды. Оң өсу қарқыны ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және қоймалау салаларында тіркелді», - деді министр.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 6,7%-ке жеткен.

«Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар көлемі өнеркәсіпте 4,1%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 13,7%, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 7,4%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 14,7%, көлік және қоймалауда – 8,5% ұлғайды», - деді Қуантыров.

Новости партнеров