Алматының мемлекет бюджетіне түсетін түсім үлесі артты

12.08.2024 15:30

Бұл туралы мегаполис қаржы басқармасы хабарлады

Алматы қаласы әкімдігінен

Алматының мемлекеттік бюджетке түсетін түсім үлесін жарты жылда 27,5% арттырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда жергілікті бюджеттің кірісі тұрақты түрде өсіп отыр. Биылғы бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджет түсіміндегі қаланың үлесі 27,5% өсті, деп хабарлайды мегаполис қаржы басқармасы.

Жергілікті бюджетке 23,1%-ға көп кіріс немесе 986 млрд теңге аударылды. Алматының 2024 жылға арналған бюджеті 183,5 млрд теңгеге өсіп, 1 807,6 млрд теңгеге жетті.

Бұған қоса, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 96,8 млрд теңге бөлінеді.