Осы іске қатысты тексеру жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында жергілікті тұрғын адам саудасы үшін 400 мың теңге алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Ш. есімді азамат соңғы екі жыл бойы мүмкіндігі шектеулі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласына сату кезінде ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысуына қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде.», - деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Олжас Марин.
Өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жарияланбайды.