Бұны бүгінгі сауда-саттық мәліметі растайды
Лондонның ICE биржасында 2022 жылдың тамызында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2% өсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осылайша Brent мұнайының бір баррелі биылғы 24 наурыздан бері бірінші мәрте 121 доллардан асты.
Бұны бүгінгі сауда-саттық мәліметі растайды.
Нұр-Сұлтан уақытымен бүгін сағат 01.20 шамасында Brent бағасы 2,97% қымбаттап, баррелі 121,21 долларға жетті.
Ал 01.36 кезінде аталмыш маркалы мұнай бағасының өсімі 3,09% құрап, 121,24 долларға дейін көтерілді.
Сонымен қатар биылғы шілдеде жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 2,92% қымбаттап, баррелі 120,28 доллардан асты.