Арыстың әр тұрғынына 100 мың теңге берілетін болды

Арыстың әр тұрғынына 100 мың теңге берілетін болды
Арыстық кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен халықтың жай-күйімен танысуға ҚР Премьер-министрі А.Мамин арнайы келді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Премьер-министр облыс басшысы Ө.Шөкеевпен бірге снарядтан зақым келген тұрғын үйлер мен 4 қабатты қалалық аурухананы, халыққа қызмет көрсету орталығын және  «Көктем» шағынауданындағы И.Журба атындағы орта мектепті аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, күні кеше үйлеріне оралған арыстықтармен сөйлесіп, оларға тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.


Содан кейін Премьер-министр Арыс қаласына берілуі тиіс көмекті талқылау мақсатында үкіметтік комиссия отырысына қатысты.

Жиналыста Асқар Мамин Арыста тұратын әрбір тұрғынға, яғни 44 781 азаматқа Үкіметтен 100 мың теңгеден берілетінін айтты. Сондай-ақ, қала бір ай көлемінде толық жөндеуден өтетінін жеткізді. Бұдан өзге, арыстық кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетінін болды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Арыс қаласында жаңа аурухана салынып, 4 мыңнан астам бала жазғы демалысқа баратынын баяндады. Ең бастысы, қаладағы әскери арсенал 2 аптада басқа аймаққа көшірілетіні жөнінде шешім қабылданды.

Новости партнеров