|
08.07.2022 | 10:43
604

Әлихан Смайылов: Бизнеске көбірек еркіндік беру – Үкімет жұмысы басты бағыттарының бірі

Премьер-Министр қазіргі уақытта бизнеске көптеген формальды талап қойылғанын атап өтті

Әлихан Смайылов: Бизнеске көбірек еркіндік беру – Үкімет жұмысы басты бағыттарының бірі  primeminister.kz

Бейсенбі, 7 шілдеде, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңес барысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қоғамдық тамақтану, сауда, қонақ үй қызметтері, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы реттеуші актілерге жүргізілген талдаудың базалық шарттарға сәйкес келмейтін басы артық және бірін-бірі қайталайтын бірқатар талаптарды анықтағанын мәлімдеді. Бұл орайда алдағы айларда тағы алты бағыт бойынша, ақпарат және байланыс, компьютерлік бағдарламалау саласы, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, жинақтау, тау-кен өнеркәсібі және құбыр көлігінің қызметіне талдау жүргізу жоспарлануда. 

Премьер-Министр қазіргі уақытта бизнеске көптеген формальды талап қойылғанын атап өтті. Оларды тиісті бақылауды қамтамасыз етуге зиян келтірмейтіндей етіп алып тастауға болады. Әлихан Смайылов мұндай талаптардың болуы елдегі іскерлік ахуалға кері әсерін тигізетінін, сондықтан орталық мемлекеттік органдардың «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, реттеуші актілердің кемінде 30% қысқарту бойынша жұмыс жүргізуі тиіс екенін атап өтті. 

«Мемлекет басшысы алдымызға бизнеске көбірек еркіндік беру міндетін қойды. Бұл – жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру аясындағы Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі. Тексеруші органдардың формальды белгілеріне қарап бизнесті жауапкершілікке тартуға мүмкіндігі болмауы тиіс. Алайда бұл тұрғыда мемлекеттік органдардың атқарған жұмысы қанағаттанарлықсыз», — деді Әлихан Смайылов. 

Осыған байланысты Премьер-Министр тиісті органдарға қайта қарау және қысқарту арқылы қазақстандық нормативтік-құқықтық базаны басы артық талаптардан тазарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир