Сингапурлықтар Алатау қаласының жобасымен танысты

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пэнмен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ынтымақтастығымыз артып келеді». Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пэнмен кездесіп, екіжақты экономикалық серіктестік мәселелерін талқылады. Ресми жиында Алматы облысындағы интеграцияланған Алатау қаласының жобасы тұжырымдалып, болашақ мүмкіндіктер көпшілікке таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жүздесу барысында екі тарап тығыз ынтымақтастықтың дамуы жайлы жоспарларды талқыға салды. Негізгі бағыт ауыл шаруашылығы, туризмді дамытып, болашақта  баламалы энергетика мен білім беру, ауқымды инвестициялар тарту мәселелерін қамтып отыр.

– Бізді өзара байланыстың нығайып келе жатқандығы қуантып отыр. Мейлі ол экономикалық жағынан болсын, басқа салаларда болсын, айтарлықтай алға ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары сауданың өсуі, екі ел арасындағы қызметтер мен тауарлардың өзара тиімді алмасу деңгейі көтерілді, – деді Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пэн.

Екі елдің инвестициялық әлеуеті артып келеді. Былтырдың өзінде тауар айналымы 1,6 миллиард долларды құрады.

– Өткен жылы Қазақстанға Сингапур президенті Халима Якоб келді. Биыл осы оң байланыс динамикасын жалғастырып жатырмыз. Бұл сапардың негізгі мақсаты – Алматы облысының экономикалық әлеуетімен танысу, – деді Қазақстанның Сингапур республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Құттықадам.

Кездесуде «Alatau city» жобасы таныстырылды. Жаңа қала индустриалды-іскерлік, қаржылық, туристік орталыққа айналмақ. Бұл жобаны әзірлеуге Сингапурлық  «Surbana Jurong» компаниясы қатысты.

– Олардың қызығушылық білдірерін тақырыбы – жаңа Алатау қаласы. Соны таныстырып өттік, презентациясын жасадық. Өйткені жұмыс сингапурлық «Surbana Jurong» компания өкілдерімен келісіп басталған болатын. Сингапурлық компания сыртқа шығып жұмыс істегісі келеді, – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Болжам бойынша Алатау қаласында 2050 жылға дейін 2 млн адам тұрады.

Айта кеткен жөн, соңғы 3 жылда екі ел арасында тауар айналымы 16 есеге өсті.

Әйкерім Пернебек, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы 

Новости партнеров