Қырғызстан қант экспортына уақытша тыйым салды

01.06.2022 16:01

Тиісті шешім Қырғыз Республиикасы Министрлер Кабинетінің кезекті отырысында қабылданды

ашық дереккөз

Қырғызстанның Министрлер Кабинеті ел аумағынан қантты алты ай мерзімге әкетуге (экспорттауға) уақытша тыйым салады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тиісті шешім Қырғыз Республиикасы Министрлер Кабинетінің кезекті отырысында қабылданды.

Агенттік хабарлағандай, қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай шығару мүмкіндігін болдырмау, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қант нарығындағы бағаны тежеу мақсатында әзірленген.