|
26.02.2021 | 10:43
390

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу аясын кеңейту, компанияның қатысуымен мемлекеттік цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі жұмысы мен жетістіктері туралы айтты. Президентке ірі жаһандық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы артқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұған Kaspi.kz акцияларының Лондон қор биржасына ашық түрде сәтті орналастырылуы себеп болды. Сонымен қатар кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу аясын кеңейту, компанияның қатысуымен мемлекеттік цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. 

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz компаниясының бірлескен жұмыстарының перспективалық бағыттары белгіленіп, Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қатысты мәселелер нақтыланды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир