|
14.09.2021 | 10:50
999

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3%-ке өсті

Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсеткен

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 3%-ке өсті  Фото: ашық дереккөзден

Қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасы 3%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Айтуынша, есепті кезеңде нақты және қызмет көрсету секторларында оң динамика байқалады. Өндіруші емес секторларда инвестиция өскен, сауда балансының оң сальдосы сақталды.

«Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3%-ті құрады. Нақты сектордағы өсім – 3,5%. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ке дейін өсті», – деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсеткен. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында да оң өсім байқалып отыр.

Сондай-ақ, министрдің мәліметінше, қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 53,7 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 32 миллиард АҚШ доллары. Тауар импорты – 21,7 миллиард АҚШ доллары.

«Жалпы, сауда балансы 10,4 миллиард АҚШ долларын құрап, оң деңгейде сақталды»,  деді ол.

Бұдан бөлек, биыл сегіз айда орындалған құрылыс жұмысының көлемі 11,4%-ке өскен. Өсім барлық өңірде тіркелді. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да оң динамика байқалуда. Жыл басынан бері 8,9 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді.

Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық экономиканың көрсеткіші пандемия басталар алдындағы деңгейге жеткенін атап өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир