Қатты құлаған мұнай бағасы ақырындап көтеріле бастады

10.03.2020 15:51

Сейсенбіде Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 процентке өсті

hi-news.ru

Демалыс күндері халықаралық нарықта мұнай бағасы бірден 30 процент арзандап, инвесторларды дүрліктірді. Бүгінгі жұмыс күні құлаған қара алтын бағасы қайта ақырындап көтеріледі бастады. Сейсенбіде Brent маркалы мұнайдың бағасы 6 процентке өсті, деп хабарлайды zakon.kz.

6 қарашадағы жағдай бойынша (Нұр-Сұлтан мәліметтері бойынша) Brent маркасындағы мұнайдың бір баррелі 6,67% қымбаттап, 35,69 доллар болды, ал осыдан бірнеше минут бұрын өсім 7% деңгейге жеткен.

WTI маркасының бір баррелі 32,37 доллар болып, 3,85% өсті.

Айта кетсек, өткен жұмадағы ОПЕК елдері келісімдері сәтсіз аяқталып, ақыры ол мұнай бағасын құлатып тынған еді. Brent маркасындағы мұнайдың бір баррелі 31,43 доллар, ал WTI маркасының бір баррелі 30,77 доллар болып қалған.