Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

vlast.kz/Жанара Каримова
vlast.kz/Жанара Каримова
2022 жылғы 9 айдағы ҚР экспортының құны (63,8 млрд доллар) алдыңғы 7 жылдағы жеткізілімдердің жылдық көлемінен асып түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 98,4 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 35%-ға (72,9 млрд доллар) артық, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР экспортының номиналды көлемі – 63,8 млрд доллар. Бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5%-ға артық (43,3 млрд доллар).

ERI есептеулері бойынша, ҚР экспортының нақты өсімі негізгі экспорттық позициялардың бағасы жоғары болуына байланысты шамамен 2,8-3%-ды құрайды. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6%-ға, экспорттық түсімдер 63,4%-ға өсті.

Елдер бойынша экспорт:

- Италияға 84%-ға, яғни 11,2 млрд долларға;

- Қытайға 43%-ға, яғни 10,3 млрд долларға;

- Ресейге 15%-ға, яғни 5,9 млрд долларға;

- Нидерландыға 24%-ға, яғни 4,1 млрд долларға;

- Кореяға 2,9 есе, яғни 3,6 млрд долларға;

- Түркияға 71%-ға, яғни 3,6 млрд долларға;

- Өзбекстанға 36%, яғни 2,6 млрд долларға дейін өсті.

2022 жылғы 9 айдағы ҚР экспортының құны (63,8 млрд доллар) алдыңғы 7 жылдағы жеткізілімдердің жылдық көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет өсім 2014 жылы (79,5 млрд доллар) көп болды.

Новости партнеров