|
20.01.2020 | 11:10
6291

Қазақстанда малды тірідей экспорттауға тыйым салынды

Былтыр Қазақстаннан шетелге 156 мың бас ірі қара мал шығарылған екен

Қазақстанда малды тірідей экспорттауға тыйым салынды Tia-ostrova.ru

Бұл туралы Almaty.tv тілшісі еліміздің ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Енгізілген өзгерістер барлық ірі қара мал мен ұсақ мүйізді малдың жыныстық-жастық топтарына қатысты.

Былтыр Қазақстаннан шетелге 156 мың бас ірі қара мал шығарылған екен. Сондай-ақ, елден 264 мың бас қой шығарылған, оның жартысынан астамы аналық бас. Тірі малдың жаппай экспорты ет өнімдерінің бағасының өсуіне негіз болған. Соның салдарынан, қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының жүктемесі төмендеп кеткен. Сондықтан бұл өзгеріс қазақстандық мал басын сақтап ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Шетел асырылған қазақстандық мал саны

(2019 ж)

ірі қара - 156 000 бас

Өзбекстан - 78 %  

Армения - 14 %


қой - 264 000 бас

Өзбекстан  - 76 %

Ресей Федерациясы - 8,1 %

Әзірбайжан - 6,7 %

Иран - 4,5 %

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир