|
01.04.2019 | 18:19
7498

Қазақстанда жалпыхалықтық табыс декларациясы 2025 жылға шегерілді

Жалпыға бірдей декларация кезең-кезеңмен жүргізу ұсынылды

Қазақстанда жалпыхалықтық табыс декларациясы 2025 жылға шегерілді Tengrinews.kz

Жалыхалықтық декларацияны дұрыс толтырмағандар 7 мың теңге айыппұл төлейді. Табыс көзін көрсету туралы науқан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде сөз болды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, 2020 жылы бастау алуға тиіс болған декларациялауды мамандар бүгін 2025 жылға қалдырған еді. Министрліктегілер бұған бірнеше себеп келтірді. Біріншіден, жалпыхалықтық декларация жүргізу үшін заңнамалық база жоқ, одан қалды, ақпараттық жүйе де дайын болмай шыққан. Шалғай ауылдарда ғаламтордың жоқтығы да бұл шараны кейінге шегеруге мәжбүр еткен.

Дегенмен, шенеуніктер 2025 жылға дейін осы олқылықтарды жоюдың жолын тауыпты. Ол үшін табыс көзін айшықтау бастамасы төрт кезеңге бөлінбек. 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметші мен оның отбасы ай сайынғы түскен ақшасын айқындайды, келесі жылы – мемлекеттік мекемедегілер, ал, 2024 жылы заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер аталған құжатты толтыруы тиіс.

«Егер де кейбір тұлғалар, азаматтар өз декларациясын дұрыс тапсырмаса немесе біліп-білмей қателіктер жіберсе, бірінші жолы ескерту алады. Егер екінші рет қайталанса, 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады», - дейді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Талғат МАМАЕВ.

Айта кетейік, декларациялау екі түрге бөлінетін болады. Олар – міндеттті және ерікті деп аталады. Біріншісіне мүлік, табыс көзі, қарыз, жылжымалы мүлік енсе, екіншіге – зергерелік бұйымдар, ескі бағалы заттар мен қорадағы мал кіреді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир