|
12.12.2022 | 11:20
2620

Қазақстанда инфляция көрсеткіші 19,6%-ға жетті

Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр

Қазақстанда инфляция көрсеткіші 19,6%-ға жетті t.me/bort_01

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасының 2022 жылғы 11 айдағы негізгі даму көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар-қарашада экономиканың өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болды.

Биыл қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 34%-ға өсіп, $111 млрд-ты құрады.

Экспорт 45%-ға, соның ішінде өңделген тауарлар экспорты 35%-ға өсті.

Биыл қараша айындағы жағдай бойынша Қазақстанда инфляция көрсеткіші 19,6%-ды құрады. Оның негізгі факторлары – геосаяси шиеленістің күшеюі, әлемдегі бағаның рекордтық өсуі, логистиканың бұзылуы және көрші елдерде кейбір тауарлардың экспортына уақытша шектеулердің енгізілуі.

«Қазіргі кезде Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр. Оның шеңберінде жедел және орта мерзімді іс-шаралар көзделген. Олар ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, бөлшек сауданы қолдауға бағытталған», — деді Әлихан Смайылов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир