Ұлттық Банк 2020 жылғы үлгідегі 200 теңгелік монеталарды айналымға шығарды

28.01.2020 18:40

Онда «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазба тұр

ҚР Ұлттық банкі

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Монеталардың дизайны ерекше. Оның стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркемдік элементтерінің үйлесімі көрініс береді», - деп хабарлайды Ұлттық банк. Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген.