«Зерделі-6» ықшамауданындағы үйдің қисаю себебі анықталды

28.01.2020 16:49

Мамандардың айтуынша, техногенді, еріген, жаңбырлы, канализациялық сулар үйдің түбіне жинала берген

Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры Ералы Шоқпаров үйдің қисаюына не себеп болғаны және құрылыс кезінде негізгі қателіктерді болғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, үйдің қисаюына бірнеше себеп бар. Атап өтсек, арық жүйесі және аумақты тік жоспарлау дұрыс емес. Екіншіден, техногенді, еріген, жаңбырлы, канализациялық сулар үйдің түбіне жинала берген. Үшінші себеп - іргетастың астынан құрылыс қоқысы табылды. Төртіншісі - іргетас астындағы топырақ тірегі 1,5 метр болуы керек, алайда онда тек 1,01 метр. Яғни, топырақты қайта себу дұрыс жүргізілмеген, тығыздамай себе салған.

Еске салайық, 11 желтоқсанда «Зерделі-6» ықшамауданындағы № 179 үйдің тұрғындары үйдің қисайып бара жатқанын айтып шағымданған еді.