Ұлттық банк төрағасы девальвацияны жоққа шығарды

13.11.2019 16:29

Қараша айының басында сарапшылар теңгенің нығаятынын болжаған еді

Sputnik

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда девальвация болуы мүмкін деген ақпараттың жалған екенін айтты, хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистердің осы тақырыпқа қатысты қойған сұрақтарына «Ешқандай девальвацияға дайындық жоқ» деп қысқа қайырды ол.

Қараша айының басында сарапшылар теңгенің нығаятынын болжаған еді. Бұдан бөлек қаржыгерлер Ұлттық банк теңгенің құнын сақтап қалуға қауқары жететінін мәлімдеген болатын.