Шекарашылар 100 келі шығатын 745 темекі топтамасын, түрлі маркадағы 148 ұялы телефонды анықтаған
11 қарашада «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығында» темекі бұйымдары, ұялы телефондар, флешкалар, микросхемалар, видеорегистраторлар мен қытай дәрілері тәркіленген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шекарашылар 100 келі 745 темекі топтамасын, түрлі маркадағы 148 ұялы телефонды анықтаған. Одан бөлек, контрабандалық жолмен 112 келі қытай дәрісін алып өтпек болған. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.