|
14.06.2022 | 11:30
694

Жыл соңында инфляция 13-15 пайыз деңгейінде болады – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстанда тауарлар қымбаттай беретінін жеткізді

Жыл соңында инфляция 13-15 пайыз деңгейінде болады – Ұлттық банк Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың соңында инфляция 13-15% деңгейінде болады деген болжам бар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, мамырда инфляция баяулаған – 1,4%. Осыған қарамастан ол әлі де жоғары болып саналады.

«Ұлттық банк 2022 жылдың соңында инфляция 13-15% деңгейінде болады деп болжайды. Болжам тұтыну нарықтарының теңгерімді дамуына назар аударылатын Үкіметтің инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру барысы ескеріле отырып жасалды. Осы шаралар кешені табысты іске асырылған кезде инфляция болжамның төменгі шегіне дейін төмендеуі мүмкін», – деді Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол Қазақстанда тауарлар қымбаттай беретінін жеткізді.

«Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі біршама жеделдейді. Ол жанар-жағармай бағасы реттелетін өсіммен тежеледі. Ақылы қызметтердің инфляциясы 2021 жылдың жоғары базасына байланысты бәсеңдейді. Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының оларды көтеруге мораторий аяқталғаннан кейін қымбаттау тәуекелдерін, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер аясында нарықта көрсетілетін қызметтер бағасының өсуін атап өтеміз», деді Ұлттық банк төрағасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир