|
12.11.2019 | 19:25
3156

Қазақстанда жалпы ішкі өнім өсімі 10 айда 4,4 пайызға көтерілген

Асқар Мамин Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдерінің есебін тыңдады

Қазақстанда жалпы ішкі өнім өсімі 10 айда 4,4 пайызға көтерілген primeminister.kz

Негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлерде өсу қарқыны байқалған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дегенмен Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында өнеркәсіп саласы бойынша әлі де көрсеткіш төмен. Ал, ауыл шаруашылығы бойынша Қостанай облысында өнім шығару көлемі азайған.


«Өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі мұндай өндіру көлемінің 12,3 пайызға азаюына байланысты. Мысалы, 2018 жылы 6,4 млн тонна мұнай өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда 420 мың тоннаға кеміді. Биыл мұнай өндіру көлемі 1,1 млн.тоннаға дейін азайып, өңірде барлығы 5,3 млн.тонна мұнай өндірілмекші», - деді Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВ.


Сонымен қатар, құрылыс және инвестициялар бойынша Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында көрсеткіш мардымсыз. Маңғыстау облысында құрылыс жұмыстары азайған. Премьер-Министр Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдерінің есебін тыңдады. Бұл өңірлер бірқатар экономикалық көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр. Сондай-ақ, бюджет қаражатын барынша игермеген министрліктердің басшылары есеп берді.

«Қаражаттың игерілмеуінің екі себебі бар.  Біріншісі – су шаруашылығы комитетінде басым бөлігі вигитациялық кезең аяқталған кейін біз қазір жұмыстарға кірісіп кетуімізден. Бұл біздің күнделікті бақылауда. Және де жылдың аяғына дейін толықтай игереміз деп ойлаймын. Екіншісі – ақша үнемдеу. Енді ол ақша қайтарылатын болады», – дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ.


Әкімдер мен министрлер қанша ақталса да, қаржы министрі бюджет қаражатын уақытылы игермеген ведомстволарды жауапқа тартуды сұрады.

«Өкінішке орай, бюджеттің 3 рет нақтылауынып, 2 рет түзетілуіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдарда және жергілікті жерлерде 10 айдың қортындысы бойынша қомақты соммаға бюджет қаражатының игерілмеуі орын алып отыр. Сол себепті Асқар Ұзақбайұлы, өз қызметтерінде жіберген кемшіліктерінің нәтижесінде бюджет қаражатының осындай игерілмеуіне себеп болғаны үшін жоғарыдай айтылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың тиісті бюджеттік бағдарламалар жетекшілерін жауапқа тартуды сұраймын», - деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Жалпы Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деген баға берілді. Бірқатар өңірлерде бірнеше көрсеткіш бойынша серпінді даму бар. Атап айтар болсақ, Шығыс Қазақстан және Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары көптеген салалар бойынша алға ілгерілеген.

Асылбек ТОЙШЫ, «Алматы» телеарнасы.        


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир