|
03.12.2019 | 11:48
3049

«Almaty Invest» форумы нәтижесі: шетелдіктерді қай салалар қызықтырды

Канадалық инвесторлардың көздегені – Алматының агро саласы

«Almaty Invest» форумы нәтижесі: шетелдіктерді қай салалар қызықтырды Almaty.tv

Алматыға 20 мемлекеттен келіп, бизнес элитаның басын қосқан инвестициялық форум несімен есте қалды? Қалталылар құрылтайында қандай келісімдерге қол жеткізілді? Форумда жұмыс істеген тілшілеріміз бірқатар делегаттардан сұхбат алып, оларды қандай салалардың қызықтыратынын сұрастырған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осылайша қаланың инновация, бизнес, туризм, логистика, білім беру және денсаулық сақтау бағыттарына жаңа серпін берілмек. Десек те, шет елден келген меймандар: «Алматыдағы даму үстіндегі барлық салалар болашақ инвесторлар үшін зор қызығушылық тударады», - дегенді алға тартуда. Бұл ретте Үндістаннан келген кәсіпкерлерді әсіресе, IT саласына қызықтырады екен. Олар тіпті бұл салаға қазір-ақ қомақты инвестиция құюға тас-түйін дайынбыз дейді.

«Біз негізінен технологиялық жобаларға қаражат құямыз. Қазірдің өзінде дүниежүзі бойынша біршама инвестициялық жобаларымыз бар. Ал мұнда Қазақстанда, атап айтқанда, Алматыда IT сандық технологияға, қоршаған ортаны қорғау салаларына инвестиция құйып, дамытпақпыз. Заманауи, жоғары технологиялық процестер пайдаланылатын кез-келген бағыт бізді қызықтырады», – деді Tie Global Ассоциациясының президенті Махавир Пратап ШАРМА.

Әріптестік аясын кеңейтуге канадалық инвесторлар да ынта білдіріп отыр. Олардың көздегені – Алматының агро саласы. Айтуларынша, бұл мақсаттарды орындау үшін мегаполистегі климаттық жағдай аса қолайлы. Бұл бағытта бизнесті дөңгелету үшін тек қала әкімшілігімен келісім жүргізу қалған көрінеді.  

«Біз ең алдымен, өз жабдығымызбен аграрлық сала нарығына енбекпіз. Қазір Алматы әкімдігі тарапынан қандай бір ұсыныстар күтіп отырмыз. Өйткені бізді сіздердегі қолайлы климаттық жағдай қызықтырады. Бұл бағытта Қазақстанмен ынтымақтастық жүргізуге дайын екенімізді көрсеткіміз келеді», – деді QUANTOTECH негізін қалаушылардың бірі Алисия Ван Дер ГРАЧТ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир