Лондонның ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,20 пайызға өскен
Лондонның ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,20 пайызға өсіп, баррелі үшін 66,02 долларды құраған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Brent маркалы мұнай бағасының баррелі үшін 66 доллардан асқан соңғы дата – 2020 жылдың қаңтары еді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 04:40-те Brent маркалы мұнайы баррелі үшін 66 долларға (+1,16%) саудаланған.
Сонымен бірге, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 62,43 долларға (+1,18%) сатылды.