|
04.12.2019 | 12:10
899

Қаржы министрі жанармайдың неліктен қымбаттайтынын түсіндірді

Министр мұның инфляцияға әсер етпейтінін, бензинмен бірге азық-түлік бағасы өспейтінін айтты

Қаржы министрі жанармайдың неліктен қымбаттайтынын түсіндірді

Еліміз Премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда алдағы уақытта бензиннің неліктен қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жанармай бағасы литріне 10 теңгеге өсетіні туралы ақпарат тараған болатын. Акциздердің өсуі келесі жылы бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаю факторларының бірі болатынын атап өтті. Бұл қосымша 50 миллиард теңгеден астам қаржы жинауға мүмкіндік береді. Соның ішінде кедендік және салықтық әкімшілендіру де басты қайнар көз деп атады.

«Бүгінде бізде АИ-92 литрінің бағасы литріне 163 теңге, ал Ресейде теңгелік мәнде литріне 260 теңге. Сәйкесінше, бізде республикадан РФ-ға мұнай өнімдерін жаппай шығару жүріп жатыр. Біз автомобиль көлігімен әкетуді шектеу бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Сондықтан, бензин бағасының өсуі айтарлықтай емес, бірақ осы екі факторға байланысты болуы керек», - деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Министр мырза мұның инфляцияға әсер етпейтінін де айтты. Бензин мен бірге азық-түлік бағасы өспеуі тиіс деген болжам жасады.

«Инфляцияға айтарлықтай әсер етпеуі керек. Өйткені бензин бар болғаны 10 теңгеге, яғни 6 пайызға ғана көтеріледі. Алайда бағаның өсуі тұрақты күн тәртібінде тұр, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаны ұстап тұру үшін барлық шараны қолданып жатырмыз», – деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Естеріңізде болса, біз осыған дейін Жаңа жылдан кейін жанармай қымбаттайтынын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир