|
24.02.2022 | 14:15
4416

ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді

Повышение базовой ставки обусловлено необходимостью поддержания стабильности цен

ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді qazaly.kz


Ресей мен Украина арасындағы әскери, һәм саяси шиеленістің Қазақстан экономикасында да айтарлықтай әсері байқалып жатыр. Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 пайызға дейін көтерген еді. Кезектен тыс қабылданған шешім 2 сағат бұрын ғана жарияланып, бірден өз күшіне енді. Ал АҚШ валютасының өсімі қазір рекордтық деңгейге жетіп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін ұлттық валюта бағамы 15 теңгеге дейін әлсіреген еді. Жалпы ел экономикасындағы, оның ішінде дәл осы теңгені долларға шаққандағы баға сәт сайын өзгеріп отыр. Мысалы, 1 сағат бұрын Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасының бағасы 473 теңге болса, қазір бұл көрсеткіш біршама түсіп, 463 пен 468 теңгенің аралығын көрсетіп тұр. Дегенмен, мұнда айтарлықтай ажиотаж байқалмайды.

Түске дейін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені +/-1 тармақтағы пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдаған еді. Айта кету керек, қазір нарықтағы Ресей компанияларының да акциялары біршама түскен. Ал бірер уақыт бұрын «Ресей БАНКІ» қаржылық нарықта ахуалды тұрақтандыру үшін валюталық интервенция жасады. Бұл ретте сағат 1-дегі жағдай бойынша біздегі интервенция көлемі 104 млн долларға жасалып отыр. Ұлттық Банк айналымдағы қаржының ахуалына қатысты әлі де мәлімдеме жасайтын болады. Оның ішінде халықтың теңгелік депозитін қолдауға қатысты да шаралар легі жарияланады деп күтіліп отыр. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир