Уганда КВИ вакцинациясынан бас тартқан адамдарға айыппұл салынады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Айыппұл төлемегені үшін құқық бұзушы 6 айға бас бостандығынан айырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Уганда Үкіметі COVID-19 вакцинациясынан бас тартқан адамдарға $1139 көлемінде айыппұл салатын заң қабылдауға ниетті.

Айыппұл төлемегені үшін құқық бұзушы 6 айға бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Гонконг билігі наурыз айының ортасынан бастап қала тұрғындарын коронавирусқа міндетті тестілеуді бастайды, өйткені ғалымдар бұл аймақта COVID-19 ауруының көбеюін болжап отыр. Күн сайын миллион тест өткізіледі деп жоспарлануда. Исландия 25 ақпаннан бастап барлық COVID шектеулерін алып тастайды. Елдің Премьер-Министрі Кэтрин Якобсдоттирдің айтуынша, вирус әлі де бар, бірақ қазір ел онымен бірге өмір сүре алады деп үміттенеді. Ол коронавирустың жаңа, қауіпті нұсқасы пайда болған жағдайда шектеулер қайта оралуы мүмкін екенін де атап өтті.

Новости партнеров