2021 жылы берілген пәтерлердің 42%-ы Алматы мен Нұр-Сұлтанға тиесілі – Ұлттық банк

egemen.kz
egemen.kz
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй құрылысына шамамен 2,4 трлн теңге жұмсалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық банктің 2021 жылды қорытындылаған қаржылық есебін жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй құрылысына шамамен 2,4 трлн теңге жұмсалды, бұл 2020 жылға қарағанда 19,1%-ға артық. Бұл ретте, тұрғын үй ғимараттарының жалпы аумағының шамамен 17 млн шаршы метрі пайдалануға берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 11,4%-ға артық. Пайдалануға берілген жалпы тұрғын үй аумағының үштен бірінен астамы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі, тиісінше 18,8% және 15,4%. 3-орынды 7.08%-бен Маңғыстау облысы алады. 2020 жылғы наурыздағы пандемия аясында айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, соңғы 2 жылда пайдалануға берілген тұрғын үй аумағының саны күрт өсті. 

"Тұрғын үй ғимараттарының жалпы санынан шамамен 42 мың жеке және 1.7 мың көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлық меншік нысанындағы ұйымдар 151 мың пәтер салды. Пәтерлердің 42%-дан астамы, тиісінше 36 мың және 27,5 мың пәтер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына тиесілі",- делінген есепте.

Новости партнеров