|
16.01.2020 | 12:19
2597

Елімізде 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді

Оны жүзеге асыру нәтижесінде көлік саласында 550 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Елімізде 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді

Елімізде инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Маңызды құжаттың мақсаты – бәсекеге  қабілетті көлік инфрақұрылымын құру арқылы экономикалық өсуге және ел халқының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2020-2025 жылдар ішінде көлік саласында 550 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын болады. Одан бөлек, 2025 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100%-ға дейін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 95%-ға дейін жеткізілетін болады. Жобаның іс-шаралары мен жобаларын іске асыруды республикалық және жергілікті бюджеттер, халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қаржыландырады. Сондай-ақ 5 жарым млн теңге жалпы индикативтік сомада жеке инвестициялар көзделіп отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир