Биылғы астық жинау науқанына болжам жасалды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Үкімет басшысы өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты егін орташа жылдық көлемнен төмен болғанын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен 2022 жылғы егін жинау нәтижесі туралы сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет басшысы өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты егін орташа жылдық көлемнен төмен болғанын атап өтті.

"Биыл аграршылар егін егуді оңтайлы мерзімде аяқтады, жердегі ылғалды сақтау бойынша жұмыстар да уақытында жүргізілді. "Қазгидрометтің" маусым айындағы болжамы да қолайлы болып тұр.

Қазіргі уақытта осы факторлардың барлығы астық түсімін орташа жылдық көлем деңгейінде болжауға мүмкіндік береді. Егер бидай туралы айтатын болсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, 13-13,5 миллион тонна деңгейінде жиын болады деп отырмыз", - деп жауап берді Қарашөкеев.

Новости партнеров