Қазақстанда жемпір өндірісі артты

23.11.2023 17:22

Ішкі нарықта 9 айда барлығы 19,9 млн дана өнім сатылды

Сурет: elements.envato.com

Қазақстанда маусымдық сұранысқа байланысты жылы әрі жайлы жемпірге сұраныс артты. Тоқыма бұйымының өндірісі 9,7% өсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде 137.5 мың дана жемпір, күртеше  және басқа да тоқыма бұйымы өндірілді. Бұл бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7% көп. 

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте - 125,3 мың дана тоқыма бұйымы өндірілді. 

Импорттың үлесіне жемпірдің 99,3% тиесілі болды – елге 20 млн дана киім әкелінді. Тоғыз айда импорт 34,8% өскен.

Ішкі нарықта 9 айда барлығы 19,9 млн дана өнім сатылды

Оқи отырыңыз: Еліміздің қай өңірі жоғары жалақы алады