Brent маркалы мұнай - 0,34$ – 58,27$
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Лондондағы ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,34 долларға арзандап, баррелі 58,27 доллар болды. Ал, Нью-Йорк тауар биржасында қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 1,16 долларға төмендеп, бір баррелі 53,94 доллар болды.
Мұнай бағасы
Brent маркалы мұнай - 0,34$ – 58,27$
WTI маркалы мұнай - 1,16$ – 53,94$