Ет бағасы неге қымбаттап жатыр

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Ербол Қарашөкеев айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден елде ет бағасы неге қымбаттап жатқанын сұрады.

"Кеше баға төмендеп жатқанын айтты. Көтерме баға өспейді. Біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қатысты баға өсімі байқалмайды, біз оны ұстап отырмыз", - деді Қарашөкеев.

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы қазіргі уақытта тағы бір мәселе барын қадап айтты: малшылар етті сатып алу бағасы төмендеп кеткеніне шағымданып жатыр.

"Қазақстандықтар базарларға да, дүкендерге де барады. Толық қамтамасыз еттік. Енді тағы бір мәселе бар, кеше тыңдаулар болды, депутаттар сол жерде сұрақ қойды. Малшылар ет сатып алу бағасы тым төмен деп шағымданып жатыр. Ол үшін нарықтарды ашып, қолдау көрсету керек. Мәселе белгілі.

Жалпы етпен толық қамтамасыз етілген. Бағалар қай кезде де өсе береді, бірақ үлкен серпіліс жоқ", - деп қосты Ербол Қарашөкеев.

Новости партнеров