Алатау ауданында мемлекеттік бюджеттің кіріс жоспары 102 пайызға орындалды

Алатау ауданында мемлекеттік бюджеттің кіріс жоспары 102 пайызға орындалды
Ауданда 3600 жаңа жұмыс орны құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәсіпорындар 76 миллиард 209 миллион теңге көлемінде өнім өндірді. Негізгі капитал мен тұрғын үй қорына құйылған инвестициялар көлемі 103 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бөлшек және көтерме тауар айналымы 914 миллиард теңгені көрсеткен. Ауданда 3600 жаңа жұмыс орны құрылды. 8 жаңа кәсіпорын құрылатын индустриалдық аймақтың құрылысына 490 гектар жер телімі берілді.  Олар: жылыжай кешені, қағаз пакеттер, сапасы жоғары металл желілер мен панельдер, кабельдер өндіретін зауыттар.

Алматы қаласы Алатау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

195 кәсіпорын

76,2 млрд тг өнім өндірілді

инвестиция - 102,9 млрд тг

бөлшек тауар айналымы - 284,7 млрд тг

көтерме тауар айналымы - 629,5 млрд тг

173 млн тг 11 шағын несие берілді

индустриалдық аймақ - 490 га

43 жоба бекітілді

3 645 жұмыс орны құрылды

8 жаңа кәсіпорын іске қосылды


Новости партнеров