|
28.01.2020 | 13:07
6843

Қытайдағы коронавирус індеті төңірегіндегі жағдай туралы

Еліміздің Үкіметі вирустың Қазақстан аумағына енуін шектеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау үстінде

Қытайдағы коронавирус індеті төңірегіндегі жағдай туралы Фото: delo.ua

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Қытайдың ондаған қалаларында тұрып жатыр. Олардың көбісі әртүрлі себептермен консулдық есепке тұрмайды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Пекиндегі Қазақстан елшілігі арқылы Қытайдың мемлекеттік органдарымен ҚХР аумағындағы ҚР азаматтарының нақты санын анықтауда, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР CІМ-не сілтеме жасап.

Сондай-ақ, тек Қазақстан ғана емес, әлемнің басқа да елдері қазір өз азаматтарын эвакуациялау мүмкіндіктерін қарастыруда. Ухань қаласында карантин енгізілуіне байланысты қоғамдық көлік, сондай-ақ халықаралық автобус, темір жол және әуе қатынастары жұмысы тоқтатылды. Орын алған жағдай айналасында мәселені ушықтырмауды сұраймыз. Еліміздің Үкіметі вирустың Қазақстан аумағына енуін шектеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау үстінде.

Біздің Қытайдағы елшіліктің ақпаратына сәйкес, 2020 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша, ҚХР аумағында анықталған коронавирустың жаңа түрінен туындаған ауру пациенттердің арасында ҚР азаматтары жоқ.

Қытайдың Денсаулық сақтау органдары да осы вирустың ҚХР-дан тыс жерлерге кеңінен таралуын болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Қосымша қабылданатын шаралар туралы дер кезінде жариялап отыратын боламыз.

Қазіргі таңда Үкіметте өткен кеңесте біздің азаматтарымыздың эпидемиологиялық қауіп-қатерлерді жойғанға дейін ҚХР-ға шығуын шектеу туралы берілген ұсынымдарын қайта атап өткіміз келеді және карантин себебінен жергілікті билік тарапынан оқшауланбаған қалалардағы азаматтарға отанына оралу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Қазақстанның Пекиндегі Елшілігі мен Шанхай және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтардың ҚХР азаматтары үшін визалар беру жұмысы штаттық режимде жүргізілуде. Шектеу Қазақстан арқылы транзитпен ұшатын Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режимге ғана қатысты болмақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир