Қазақстан басқа елдерден бидай әкелуге тыйым салды

Сурет: Павел Михеев
Сурет: Павел Михеев
Бидай импортына жарты жылдық шектеу қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі бұйрығымен Қазақстан аумағына автокөлік және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, бидай импортына алты ай мерзімге тыйым салынады:

  • үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан аумағына автокөлікпен  (2023 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі);
  • лицензиясы бар элеваторларға, астық өңдеуші кәсіпорындарға және құс шаруашылығы кәсіпорындарына темір жол көлігімен бидай импортын қоспағанда, Қазақстан аумағына үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен әкелуге тыйым салынады.

Бұйрық 2023 жылғы 11 қазанда қолданысқа енгізілетін көрсетілген тармақты қоспағанда, 2023 жылғы 26 қыркүйекте қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанда 2023 жылдың 10 сәуірі мен 9 қазаны аралығында үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен бидай импортына тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Ұлкен Алматы көліне жеке көлікпен көтерілуге тыйым салынды

Новости партнеров