Almaty Marathon: 1 қазанда қай көшелер жабылады

novyefoto.ru
novyefoto.ru
Биыл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген 15 000 спортшы қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы марафонын» өткізуге байланысты 1 қазан күні сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін жарыс өтетін кей көшеде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спортшылар жүгіріп өткен көшелерде біртіндеп жол ашылады.

30 қыркүйекте сағат 6:00-ден 01 қазан 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) жол жабылады.

01.10.2023 мына бағыттарда көлік қозғалысы шектеледі:

- 7:00-ден 10:40-қа дейін Назарбаев даңғылы (Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін);

Балама жол Достық даңғылының екі бағытымен өтеді.

- 7:00-ден 11:10-ға дейін Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейін);

Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.

Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.

- 7:00-ден 13:30-ға дейін Әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін);

Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.

Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.

- 7:00-ден 13:00-ге дейін Сайын көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін);

Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.

Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді.

- 7:00-ден 13:30-ға дейін Абай даңғылы (Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін);

Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.

Шығыс бағытта балама жол Әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшелерінің бойы.

- 7:00-ден 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесі (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін);

Балама жол Байзақов көшесімен өтеді.

- 7:00-ден 13:30-ға дейін Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан даңғылына дейін);

Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді.

- 7:00-ден 10:35-ке дейін Сәтбаев көшесі (Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін);

Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді.

- 7:00-ден 10:35-ке дейін Шашкин көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін);

Балама жол Марков көшесімен өтеді.

- 7:00-ден 10:35-ке дейін Тимирязев көшесі (Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін);

Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен өтеді.

- 7:00-ден 10:35-ке дейін Байзақов көшесі (Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін);

Балама жол солтүстік бағытта Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытта Манас көшесімен өтеді.

Республика Алаңына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:

1.Желтоқсан көшесімен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;

2.Сәтбаев көшесімен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін;

3.Назарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін;

4.Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету;

5.Абай даңғылынан батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін;

6.Шевченко және Құрманғазы көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін;

7.«Абай» метро станциясына дейін

Оқи отырыңыз: 1 қазанда Алматы марафоны жарысы өтеді

Новости партнеров