Мемлекет араласпайтын коммерциялық жоба ретінде қарастырылып отыр
"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда атом электр стансасын салуға қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бірінші станцияны салу құны 10-15 миллиард доллар болмақ.
- Қазір қаржыландыру көздері пысықталып жатыр. Негізінен халықаралық қаржы институттары инвестиция бөледі. Жоба әзірге мемлекет араласпайтын коммерциялық жоба ретінде қарастырылып отыр, - деді Тимур Жантикин.
Оқи отырыңыз:2023 жылы бейнежүйенің көмегімен қанша қылмыс ашылды