Алматының бизнес қауымдастығы «Алматы-2050» даму стратегиясын талқылады

06.12.2019 02:26

Кездесуде стратегиядағы 7 басым бағытты іске асыру шеңберінде 9 салалық комитет құрылды

пресс-служба акима Алматы

Келелі кездесуде стратегиядағы 7 басым бағытты іске асыру шеңберінде 9 салалық комитет құрылды. Бизнес-қауымдастықтан басқа Іскерлік кеңестің құрамына қала әкімінің орынбасарлары мен салалық басқармалардың басшылары енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл қараша айында әр комитет отырыс өткізілген болатын. Алқалы басқосуларда «Алматы - 2050» Даму стратегиясы, «ақылды» және қауіпсіз қаланы, «шетсіз қаланы» дамыту перспективалары, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, жиындарда Іскерлік кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиында кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.