|
21.06.2022 | 12:48
581

ҚР Ұлттық Банкі жедел төлемдер жүйесін іске қосты

Банктер өз клиенті үшін P2P-аударым қызметінің тарифін дербес белгілейді

ҚР Ұлттық Банкі жедел төлемдер жүйесін іске қосты фото: Ortcom.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі 24/7 режимінде әр түрлі банктердің клиенттері арасында жедел аударымдар мен төлемдерді жүргізу жүйесін іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүйе қаржылық қызметті тұтынушыға онлайн қолжетімді, ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін әзірленген.

Жүйенің функционалдығы ұялы телефон нөмірі арқылы аударымды және әртүрлі банктің клиенті арасында QR-код арқылы төлемді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сервисті іске қосу 2 кезеңде жүзеге асырылады:  

  1. Жеке тұлғалардың телефон нөмірі бойынша аударымдар (P2P-аударымдар);  
  2. QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер (ұлттық QR-код стандартына сәйкес) және сауда ұйымдарының пайдасына жаңа төлем сценарийін, оның ішінде сұраныс бойынша төлемді жүзеге асыру.  

Банктер өз клиенті үшін P2P-аударым қызметінің тарифін дербес белгілейді.

Бүгінгі таңда екінші деңгейлі 9 банк лезде төлем жасау жүйесіне қатысу туралы келісім жасасты, оның 4-і толықтай қосылып, қалған 5 банк қосылу процесінде. Жаңа қызмет осы банктердің мобильді қосымшасындағы ішкі процестің жетілдірілуіне қарай пайда болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир