|
31.03.2022 | 12:52
828

Еңбек министрі жұмыс берушілерден жалақыны көтеруді сұрады

Министр еңбек мәселелерінде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында баланс болуы керек екенін атап өтті

Еңбек министрі жұмыс берушілерден жалақыны көтеруді сұрады Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жұмыс берушілерден әлемдік инфляцияны ескере отырып, жалақыны көтеруді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Министр еңбек мәселелерінде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында баланс болуы керек екенін атап өтті.

Шәпкенов жұмыс берушілер азық-түлік, қызметтер мен тауарлардың әжептәуір қымбаттағанын ескеріп, қол астындағы қызметкерлерінің жалақысын көтеруі керек деп санайды.

"Барлық кәсіпкерлік субъектісі мен жұмыс берушіге айтарым: егер мүмкіндік болса, өз қызметкерлеріңізге қолдау көрсетіп, айлығын көтеріңіздер", - деді еңбек министрі сенат кулуарында.

Сондай-ақ, Шәпкенов жыл сайын әкімдіктер қала құраушы кәсіпорындармен меморандум бекітетінін еске салды. Нәтижесінде кәсіпорындар жұмысшыларды қысқартпауға және еңбекақыны 5-тен 10%-ке дейін индексациялауға міндеттеледі.

Бұған қоса, министр қазақстандық жұмысшыларға үндеу жасады. Ол қызметкерлерді еңбек дауы туындаған жағдайда Еңбек кодексі аясында әрекет етуге және өз құқығын қорғауға шақырды.

"Егер жұмысшылардың жұмыс берушіге талап-арызы болса, онда жұмыс беруші бітістіру-келісу комиссиясын құрып, мәселелерді талқылайды. Комиссияға сәйкес шешім қабылданады. Егер әлдекім комиссиямен келіспесе, еңбек арбитражы құрылады. Ол жерге еңбек инспекторлары қатысады", - деп түсіндірді ведомство басшысы еңбек дауларын реттеудің заңнамалық тетігін.


Ұлттық банктің мәліметінше, инфляция құрылымында азық-түлік бағасы жылдық мәнде – 9,9%-ке, азық-түлік емес тауарлар – 8,5%-ке, ақылы қызметтер 6,8%-ке көтерілген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Жалақы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир