Қазақстан көмір тұтыну бойынша әлемде 15-орында тұр

 Қазақстан көмір тұтыну бойынша әлемде 15-орында тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қазақстан БҰҰ саяси форумында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша ерікті ұлттық шолуын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді.

«Қазақстан шикі мұнай экспорты бойынша 12-орында тұр. Көмір тұтынуда - 15-орын, қазбалы отынды тұтыну жалпы энергия тұтыну көлемінің 76% құрайды. Қазбалы отынға тәуелділіктен қалалық аудандарда энергияны өндіру мен тұтыну көбейді, ол экономиканың 50% құрайды», - деді Рәпіл Жошыбаев «Қазақстандағы тұрақты қалалық инфрақұрылым: Астанадағы жасыл құрылыс көрсеткіштері» дөңгелек үстелінде.

Орталық басшысы БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша Қазақстанның ерікті шолу жасайтынын жеткізді.

«Биыл Қазақстан Нью-Йоркте өтетін БҰҰ саяси форумында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша ерікті ұлттық шолуын ұсынады. Біздің бастамаларды жүзеге асыру тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Яғни, таза су, қолжетімді энергия, инновациялық инфрақұрылым, тұрақты қалалар мен елдімекендер көбейеді», - деді Рәпіл Жошыбаев.


Новости партнеров