Елімізде кітап пен кеңсе тауарлары қай өңірде қымбаттады

18.08.2023 17:54

Ресми статистика бойынша, былтыр әр отбасы осы тауарларға 8 мың теңге жұмсаған

informburo.kz

Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, бір жылда кітап пен кеңсе тауарлары бірден 44,7% қымбаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме 

Соның ішінде кітаптар 15%, оның ішінде шет тілінің сөздіктері 15%-ға қымбаттады. Кеңсе тауарлары 64,4% қымбаттады, оның ішінде А4 қағазы – 99,6%, мектеп дәптері – 77,2%, сурет дәптері – 44,1%, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы – 41,9%, шар қалам – 38,6% қымбаттады.

Өңірлер бойынша кітап пен кеңсе тауарлары ең қымбат қала – Астана. Елордада кітап пен кеңсе тауарлары 76,2% қымбаттаған. Одан кейін Ақтөбе (68,5%), Батыс Қазақстан (60,1%), Ақмола (59,1%) және Шығыс Қазақстан (58,3%) облыстарында да айтарлықтай қымбаттады.

Ресми статистика бойынша, былтыр әр отбасы газет, кітап және кеңсе тауарларына 8 мың теңге жұмсаған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 45,6% артық.