|
12.03.2019 | 18:11
3307

Елімізде азық-түлік бағасына қатысты ашық мониторинг жүйесі енгізілуі мүмкін

Енді дүкендер кіреберісіне тауарлар бағасы жазылған кітапшалар қойылмақ

Елімізде азық-түлік бағасына қатысты ашық мониторинг жүйесі енгізілуі мүмкін Аlmaty.tv

Елімізде азық-түлік бағасына қатысты ашық мониторинг жүйесі енгізілуі мүмкін. Өнімдердің құны бастапқыда сайтқа, кейіннен баспасөз басылымдарында жарияланатын болады. Жаңашылдық жайлы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айтуынша, бағалар жазылған хабаршы немесе бюллетень әр дүкеннің кіреберісінде тұрады. Тауар құны ұнамаған жағдайда басқа дүкенге барады.

«Еуропаның көптеген елдерінде мұндай әдіс бұрыннан бар. Бұл мемлекеттерде қандай дүкендерде тауарлар төмен бағамен сатылатыны жарияланып отырады. Тұтынушы қай жерден қандай өнімді сатып алатынын алдын ала біледі. Сатушылар да бағаларды арзанырақ қоюға тырысады. Себебі, бәсекелестерінің бағалары көрсетіледі», – деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ.

Министрдің айтуынша, азық-түлік бағаларына бақылау ұдайы жүргізілуде. Астана бойынша бағаның өсімі байқалмайды. Ал кей сауда нүктелерінде тауар құны керісінше, біршама төмендеген. Мәселен, қияр бағасын 1400-ге шарықтатқан орындар қазір 1200 теңгемен саудалауда. Кей орындарда тіпті, 1000, 800 теңгеге дейін арзандаған деді ведомство басшысы.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир