Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді
Еліміздегі кинотеатрлар, көрмелер мен спорттық нысандар салықтан босатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимі кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шараларды жетілдіруді тапсырды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.
«Ірі нысандарды, атап айтсақ, кинотеатрлар, көрмелер мен спорттық нысандарды мүлік салығынан босатуды ұсынды. Бұл – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар. Жеңілдік бір жылға қарастырылған. Сондай-ақ, бірінші кварталға өсімпұлды тағайындауды тоқтатып, үшінші кварталға ауыстыру ұсынылып отыр», – деді ҚР Ұлттық экономика министр Руслан ДӘЛЕНОВ.