|
15.04.2019 | 19:31
4492

ҚР кезектен тыс Президент сайлауына 9,4 млрд теңге бөлінбек

Орталық сайлау комиссиясы Үкіметтен 12 млрд теңге сұратқан болатын

ҚР кезектен тыс Президент сайлауына 9,4 млрд теңге бөлінбек


Еліміздің Қаржы министрлігі кезектен тыс өтетін президент сайлауының бюджетін қысқартты. Бұл туралы журналистердің сауалдарына жауап берген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина мәлімдеді. Оның айуынша, аталған ведомство бастапқыда сұралған соманы екі миллиард теңгеге дейін қысқартты деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оңтайландыру өңірлердің бюджеттік сұранымдарында, яғни аумақтық сайлау комиссиялардағы бағаларда орын алған.

«Қаржы министрлігінен қорытынды алдық. Кей позициялар қолдау таппады. Кейбір шығындар оңтайландырылды. Бұл дұрыс та шығар. Біз жолдаған смета болжамды болатын. Осылайша 12 миллиард теңге 9 млрд 400 миллион теңгеге дейін қысқартыды», - дейді ҚР ОСК хатшысы Сәбила МҰСТАФИНА.  

Ал 9-маусымда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауда елордалықтар 304 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Оның 239-ы қала ішінде. Аталған сайлау учаскелерін 18 сәуірден бастап іске қосылатын «maps.astana.kz» геопорталынан көруге болады.

Қазақстандықтар дауыстарын шет мемлекеттерден де бере алады. Атап өту керек, шетелде 65 сайлау учаскесі жұмыс істемек. Бұлар өкілдіктер, елшіліктер мен консулдықтарда. Жалпы сайлау күні Нұр-Сұлтанда 600 мыңға жуық дауыс беруші болады деген болжам бар.

«Қалаға басқа өңірлерден кеп жұмыс істеп жатқандар көп, олар уақытша тіркеуге тұрған. Олар 30 күн ішінде аудандық әкімдіктерге хабарласып, өз өтініштерін қалдырулары керек. Содан кейін біз ол тізімді өңірлерге жіберіп, дауысты біздің қалада беретінін ресми бекітеміз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппарат басшысының орынбасары Азамат АХМЕДЖАНОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

выборы
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир